Қазақстан құрамасының ойыншысы карьерасын еуропалық клубта жалғастыруы мүмкін
Сурет: "Қайрат" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек карьерасын Украинада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек карьерасын Украинада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәлімет бойынша, 29 жастағы шабуылшы украинаның "Ингулец" клубында бақылауда жүр. Мұның алдында клуб президенті Александр Поворознюк футболшы команда тұрағында жүргенін айтқан. Алайда ойыншының атын атамады.
Қазіргі таңда "Ингулец" Украина чемпионатында соңғы орында келеді, команда төрт турда бір ұпай ғана жинаған.
Жарнама