Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов румыниялық "Петролул" клубы сапында "Волунтариға" қарсы жолдастық матчта гол соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Плоешти қаласының командасы сапында алаңға негізгі құрамда шыққан қазақстандық форвард алғашқы таймда мергендігімен көзге түсті.
"Волунтариға" қарсы жолдастық кездесуде үзіліске дейін екі голдық басымдыққа жеттік. Гол авторлары — Серджиу Ханка мен Абат Айымбетов!", - деп жазды "Петролул" клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.
Матч 3:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, Айымбетов румыниялық "Петролул" клубына 2026 жылдың ақпан айында ауысты. Ол Румыния чемпионатында дебют жасап үлгергенімен, ұлттық құрамаға шақырту алған жоқ.
Жарнама