Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобыл" клубының қорғаушысы Александр Марочкин ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайды.
Марочкиннің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады. Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да "Астана Арена" стадионында өтеді.