Футбол
23 наурыз 2022 19:43

Қазақстан құрамасының көшбасшы футболшысы Молдоваға қарсы кездесуге қатыспайды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Кишинев қаласында өтетін Молдоваға қарсы кездесуге қатыспайды. Инсайдер Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, жартылай қорғаушы Ұлттар лигасындағы сары қағазының көптігіне байланысты алдағы ойында алаңға шыға алмайды. 

"Исламбек 2020 жылдың қараша айында, Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Латвияға қарсы кездесуде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Әрине бұл туралы ҚФФ хабардар. Бірақ Қуат алдағы кездесуге қатыса алмайды деген футболшылардың қатарында болмады. Сол үшін де федерация УЕФА-ға қосымша хат жазып, анық-қанығын анықтады. Себебі плей-офф кезеңінде сары қағаздардың барлығы жойылады да, тікелей алған қызыл қағаз сақталып қалады. Ал Исламбек тікелей қызыл емес, екі сарыдан кейін алаңнан қуылды. 

УЕФА жартылай қорғаушының бұл жазасын өгертусіз қалдырды. Ол Молдоваға қарсы кездесуге қатыса алмайды. Хат жазып, алдын-ала біліп алғандары дұрыс болды. Әйтпесе оны алаңға шығарып, масқара болар ма еді?! Үлкен жанжалдың алдын алып қалды", - деп жазады инсайдер. 

Еске салайық, Молдова мен Қазақстан арасындағы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport