Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізді

Сурет: "Қайрат" ФК ©

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Зениттіктер жуырда ғана Дубайға оқу-жаттығу жиындарына аттанды. 22 жастағы қазақстандық ресейлік клубтың бақылауында. 

Таңертеңгілік тапсырма ретінде ойыншыдлар тестілеуден өтті. Әліп Иван Сергеев, Дмитрий Чистяков пен Андрей Мостовоймен бірге екінші топқа түсті. Тестілеу нәтижесі бойынша футболшылар оқу-жаттығуда қандай тапсырмалар орындайтыны белгілі болмақ. 

Кешкі уақытта "Зенит" жаттығу ойынын өткізеді. Қысқы медтексерісті сәтті өткізген Нұралы Әліп 19 қаңтарда "Эмирейтске" қарсы ойында петербургтіктер қатарында алаңға шығуы ықтимал. 

Оқу-жаттығу жиындары 25 қаңтарға дейін созылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар