Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Тобылдан" кетті

©ҚФФ

"Тобыл" футбол клубы қорғаушы Дмитрий Мирошниченкомен қоштасты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар өзара мәміле бойынша келісімшартты үзді.

Мирошниченко "Тобыл" сапына 2016 жылы қосылған. "Тобылда" ол 145 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

"Клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы футболшыға кәсіби шеберлігі мен команданың табысты болуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді", - деп жазды клуб.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport