Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тәжікстанмен өтетін кездесуден не күтетінін айтты

©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Тәжікстанмен болатын жолдастық кездесудің алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Ертеңгі ойын? Біз бұл матчта сенімділікті сезіну үшін жеңіске жетуді көздейміз. Өзімізге және елімізге жағымды эмоциялар сыйлағымыз келеді. Дайындық қалыпты режимде жүріп жатыр.

- Франциядан жеңілгеннен (8:0) кейін командадағы атмосфера қандай?

- Біз бұл матчтың нәтижесін өзгерте алмаймыз. Сондықтан бар назарымызды ертеңгі ойынға аударамыз. Әрине, бұл матчта жеңіске жету өте маңызды және біз көздеген мақсатқа жеткіміз келеді. Атмосфера қалыпты. Бұл өмір, бұл футбол. Күн сайын өзіңді дәлелдеу керек. Ертең жаңа күн, онда біз тағы да өз деңгейімізді дәлелдеуіміз керек. Біз тыңғылықты дайындалудамыз.

- Франциямен өткен матчта ойнаған жоқсыз. Ертеңге ойынға алғашқы минуттан шығуға дайынсыз ба?

- Өзімді жақсы сезінемін. Мұндай ойындар керемет мүмкіндік сыйлайды. Футболшылар үшін бұл халықаралық тәжірибе. Иә, мен алғашқы минуттардан бастап ойнауға дайынмын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: