Қазақстан құрамасының қорғаушысы шетелден 25 мың доллар айлықпен ұсыныс түскенін мәлімдеді

26 желтоқсан 2021 11:11
©"Астана" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Астана" командасының қорғаушысы Абзал Бейсебековке грекиялық "Олимпиакос" командасынан ұсыныс түскен. Бұл туралы футболшының өзі Nursultan Qurman YouTube каналына берген сұқбатында айтты. 

- Жазда маған "Олимпиакос" командасынан ұсыныс түсті. Жағдай былай болды - агентім маған чемпионаттың қызған тұсында грекиялық команда оң қапталдағы қорғаушы керек болып жатқанын айтты. Жалақымды да айтты. "Олимпиакос" бір жарым жылдық ұсыныс жасады. Мен келістім. Команданың бас бапкеріне мені қалай ойнайтынымды көрсеткен. Бірақ мен ол кезде оң қапталдағы қорғаушы емес, негізгі жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүрген ем. Сосын грекиялық қапталдағы қорғаушы іздеп жатқанын айтып, келіссөз тоқтады. 

Әрине, мен көңіл-күйім түсті. Күшміді сынап көрейін деген ой болды. Ақша жағына келетін болсақ, "Олимпиакос" маған 25 мың доллар ұсынды. Ал сыйақы жағынан менің хабарым жоқ", - деді Бейсебеков. 

Еске салайық, қорғаушы жуырда "Астана" командасымен келісімшартын үш жылға ұзартты. Бейсебеков елордалық команда сапында ең көп ойын өткізген футболшы. Ол осы уақытқа дейін 338 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: