Футбол
8 қыркүйек 2021 23:45
 

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды ©ҚФФ

Футболдан қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында жазды. 

blog.share

Футболдан қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында жазды. 

"Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" қорғаушысы Руслан Валиуллиннің допинг сынағынан рұқсат етілмеген дәрмек табылды. Допингтің дәл қашан анықталғанын білмеймін. Бірақ осы себепке байланысты ол Боснияға қарсы кездесуге қатыспады. 

Қорғаушының допинг сынағынан қандай рұқсат етілмеген дәрмек табылғаны белгісіз. Сонымен қатар, бұл сынақтың қай ойыннан кейін алғаны да анық емес. Менің ақпаратым бойынша, жағдай қиын"- деп жазды инсайдер. 

Еске салайық, Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуінде Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!