Қазақстан құрамасының қорғаушысы операция жасатты

26 желтоқсан 2022 22:28
©"Ахмат" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Ахмат" командасының қорғаушысы Марат Быстров операция жасатты. Бұл туралы ресейлік команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қорғаушы операциядан кейінгі қалыпқа келу шараларын Сербия жерінде өткізеді. Содан кейін клуб сапына 20 қаңтарда Түркияда қосылады. 

30 жастағы Быстров "Ахмат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол биыл Ресей біріншілігінде 15 кездесуге қатысты. Ал оның командасы 17 турдан кейін турнир кестесінде 26 ұпай жинап, алтыншы орында келеді. 

Быстров өз карьерасында "Ордабасы", "Тобыл", "Тамбов" және "Челябинск" командаларында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: