Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Олжас Керімжанов "Тұран" командасымен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы түркістандық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
33 жастағы қорғаушы келісімшарты жыл соңына дейін ұзартты.
Керімжанов "Тұран" командасына өткен маусымда қосылды. Ол жалпы бұл команда сапында 38 кездесу өткізіп, бір гол соқты.