Қазақстан құрамасының қорғаушысы жаңа командаға ауысатын болды

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин алдағы уақытта команда ауыстырады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Қорғаушы "Ақтөбе" командасына ауысуға жақын. Марочкинді командасында Владимир Мухановтың өзі көргісі келеді. Айта кетейік, қорғаушы бұл бапкердің қол астында "Оқжетпес" сапында ойнаған болатын. 

2021 жылғы маусымда Марочкин "Тобыл" сапында өнер көрсетіп, Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: