Футбол
6 қыркүйек 2021 15:11

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Босния және Герцоговина құрамасына қарсы кездесуге қатыспайтын болды

©ҚФФ

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 2022 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуіндегі Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр. 

Қазақстан футбол федерациясы қанша тырысқанымен Әліпке виза алып үлгере алмады. Федерация футболшылардың құжатын тапсырғанда, Нұралы "Қайрат" сапында Конференция лигасында ойнап жатты. Сөйтіп оның құжаты дер кезінде федерацияға келмеген. Футболшы Хельсинкиден Қазақстанға ұшып кетті. 

Сонымен қатар, визалық мәселеге байланысты құраманың капитаны Азат Нұрғалиев те Босния және Герцоговинаға барған жоқ. Осы виза мәселесіне байланысты Финляндияға (0:1) қарсы кездесуге қатыса алмаған Бахтиер Зайнутдинов қазір құрама сапында. 

Еске салайық, Босния және Герцоговина құрамасына қарсы кездеу 8 қыркүйек Зенице қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport