Қазақстан құрамасының қорғаушысы бельгиялық клубта бірінші голын соқты
©"Моленбек" ФК
"Моленбек" Бельгия Бірінші лигасының 20-шы туры аясында "Дейнзе" командасын 1:0 есебімен ұтты.
"Моленбек" Бельгия Бірінші лигасының 20-шы туры аясында "Дейнзе" командасын 1:0 есебімен ұтты.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский "Моленбектің" негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. Ол кездесудің 25-минутында гол соқты. Бұл Янның бельгиялық клубтағы дебюттік голы болды.
Еске салайық, Вороговский бельгиялық клубқа өткен айдың соңында қосылған болатын. Содан бері үш матчқа қатысып үлгерді.
20 турдан кейін 35 ұпай жинаған "Моленбек" Бірінші лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Жарнама