Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионатының үздік ойыншылары қатарында

© "Беерсхот" ФК
"Беерсхот" клубында ойнайтын футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионаты бірінші дивизионы сегізінші турының үздік футболшылары тізімінде, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Вргорвскийдің командасы өткен турда маусым көшбасшысы "Левен" командасына қарсы ойнады. "Беерсхот" 1:2 есебімен ұтылды, алайда, бельгиялық voetbalkrant.com басылымы бәрібір қазақстандық футбошыны атап өтті.



"Вороговский пайдалы болды және шабулға ұласқан пастарды көп берді", - делінген шетелдік сайт сипаттамасында.

Еске салайық, 23 жастағы Вороговский "Беерсхот" сапына маусымда ауысқан. Команда үшін ол жеті ресми матч өткізіп, бір гол салды. Бельгиялық клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт бір жылға есептелген. Бұған дейін ол "Қайратта" ойнады, бұл команда үшін ол үш жарым маусым өнер көрсетті.