Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Астананың" орнына басқа команданы таңдады

©"Шахтер" ФК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбе" сапына ауысты, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

33 жастағы футболшы екі жақты келісім бойынша "Шахтер" командасынан кетті. 

Ал "Ақтөбе" сапына Досмағамбетов еркін агент ретінде ауысты. Негізі осыған дейін бұл футболшыға "Астана" командасы қызығушылық білдірген еді. 

Биыл қорғаушы ҚПЛ-де 14 кездесуге қатысып, бес гол соқты. 

Бұған дейін Досмағамбетов "Ақтөбе", "Оқжетпес", "Восток", "Тараз", "Тобыл" және "Ордабасы" командаларында ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар