Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбе" сапына ауысты, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
33 жастағы футболшы екі жақты келісім бойынша "Шахтер" командасынан кетті.
Ал "Ақтөбе" сапына Досмағамбетов еркін агент ретінде ауысты. Негізі осыған дейін бұл футболшыға "Астана" командасы қызығушылық білдірген еді.
Биыл қорғаушы ҚПЛ-де 14 кездесуге қатысып, бес гол соқты.
Бұған дейін Досмағамбетов "Ақтөбе", "Оқжетпес", "Восток", "Тараз", "Тобыл" және "Ордабасы" командаларында ойнады.