Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мақсат Тәйкенов "Астанаға" ауысуға жақын, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
Қорғаушыға қарағандылық "Шахтер" де ұсыныс жасаған. Бірақ ол "Астана" командасын таңдаған. Себебі Тәйкенов бұған дейін "Каспий" сапында елордалық команданың жаңа бас бапкері Срджан Благоевичпен бірге жұмыс істеген.
"Астананың" негізгі қақпашысы кім болатыны анықталды
Айта кетейік, Тәйкенов Қазақстан чемпионатындағы дебютын 2020 жылы жасады. Өткен жылы ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, төрт кездесу өткізді. Премьер-лигаға дейін Ақтау футболы мен бразилиялық "Оле Бразил" академиясының тәлімгері "Бәйтерек" сапында өнер көртсетті.
Еске салайық, осыған дейін "Астана" сапынан хорватиялық қорғаушы Лука Шимуновичтің кететіні туралы белгілі болған еді.