Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Ақтөбе" сапына ауысты

©ҚФФ

"Ақтөбе" футбол клубы өз құрамын жаңартуды жалғастырып жатыр. Бұл жолы 23 жастағы орталық қорғаушы Әлібек Қасым команданың жаңа ойыншысы атанды.

"Қайраттың" түлегі 2019 жылдан бері "Қызыл-Жар СК" сапында өнер көрсеткен болатын. Петропавлдық ұжымның құрамында 44 ойынға қатысып, 9 голмен көзге түскен. Оның жетеуін ол былтырғы маусымда соқты. Сондай-ақ, өткен жылы Әлібек Қазақстан құрамасында Солтүстік Македония мен Тәжікстанға қарсы қос жолдастық матчта дебюттік ойындарын өткізген болатын.

Былтыр Қасым "Қызыл-Жар" клубына Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport