Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Тізе жарақатына байланысты "Тобылдың" шабуылшысы Айбар Жақсылықов алдағы кездесулерге қатыспайды. Оның орнына ұлттық құраманың оқ-жаттығу жиынына волгоградтық "Ротордың" ойыншысы Алексей Щеткин шақыртылды.
Сондай-ақ, ұлттық құрамаға "Ақтөбенің" қорғаушысы Әлібек Қасым да шақырту алды.
30 жастағы Щеткин осы маусымда "Ротор" үшін 19 матчқа қатысып, 3 гол соқты. Ал Әлібек "Ақтөбе" жейдесінде он ойынға қатысып үлгерді.