Футбол
7 маусым 2022 03:33
 

Қазақстан құрамасының қарсыластары тең түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының қарсыластары тең түсті ©abff.by

Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының С дивизионында Беларусь пен Әзірбайжан құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының С дивизионында Беларусь пен Әзірбайжан құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлемдегі саяси жағдайға байланысты қос команда Сербияда кездесті. Қазақстан құрамасының 3-тобындағы басты қарсыластары арасындағы матчта 0:0 есебі тіркелді. Соған қарамастан, өткен аптада "Астана Аренада" Магомед Адиев ойыншыларына 2:0 есебімен ұтылған қап тауының өкілдері 15 соққы жасады. Алайда Әзірбайжан құрамасының футболшылары Павел Павлюченконың қақпасының саңылауын таба алмады.

Ойынның 84-минутында Гисмат Әлиев екінші сары қағазынан кейін қағаз жүзіндегі қонақтар бір футболшыға кем ойнады. Бірақ беларустар бұл басымдықты пайдалана алмады. 

Осылайша, 3-топта 6 ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен көш бастаса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасты. Ал Беларусь пен Әзірбайжан командалары үшінші және төртінші орындарға жайғасты.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!