Қазақстан құрамасының қарсыластары жеңімпазды анықтады

©sputnik

Әзірбайжан құрамасы Ұлттар Лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бакудегі матчтың 76-минутында Махир Эмрели мен 90+3 минутта Рамил Шейдаев гол салды. Осылайша, төрт ойында төрт ұпай еншілеген Қап тауының өкілдері турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал Беларусь құрамасы болса екі ұпаймен соңғы орында.

Еске салайық, С дивизионының үшінші тобында Қазақстан, Словакия, Әзірбайжан және Беларусь командалары бар. Магомед Адиев жаттықтыратын "қаршығалар" 10 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар