Ресейлік сарапшылар Қазақстан құрамасының капитаны және петерборлық "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліпті Ресей премьер-лигасының (РПЛ) қазан айындағы ең үздік футболшысы деп таныды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Советский спорт" басылымы РУСТАТ-пен бірлесе отырып, РПЛ-дегі айдың үздік құрамасын жариялады. Онда Ақтау тумасы Нұралы Әліп ең жоғары индекс иегері атанды.
"Қазақстандық қорғаушы жарақат алған Дуглас Сантостың орнын сол қапталда өте лайықты алмастырды. Оның жылдамдығы мен күшті ойын қасиеттері бұл позицияда ерекше байқалды және бірден нәтижесін берді - ол гол соқты. Айтпақшы, бұл оның “Зенит” сапындағы 105 матчтағы бар болғаны үшінші голы. Оның үстіне жеңіс голы (“Сочи” қақпасына). Әліп күштік күресте де өте сенімді ойнады – 13 жағдайдың 11-де (80 пайыз табысты) үстем болды", - деп жазды басылым авторлары.
Айта кетейік, соңғы кездесулерде Нұралы өзіне үйреншікті емес - сол жақ қорғаушы позициясында ойнады. Әдетте ол орталық қорғаныста өнер көрсетеді.
Осы маусымда Әліп "Зенит" сапында 14 матч өткізіп, бір гол соғып үлгерді.

Жарнама