Петерборлық "Зенит" клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп жолдастық кездесуде жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч "Краснодар" командасына қарсы Дубайда (БАӘ) өткен оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылды. Кездесу ерекше форматта өтті: екі тайм 45 минуттан және қосымша 30 минуттық үшінші тайм.
Әліп алаңға екінші және үшінші тайм аралығындағы үзілістен кейін шықты. 114-минутта қарсыласымен допқа талас кезінде қазақстандық футболшы жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Ол ақсаңдап алаңды тастап, 116-минутта ауыстырылды.
Енді қорғаушының жарақатының ауырлығы мен қалпына келу мерзімі медициналық тексерістен кейін белгілі болады деп күтілуде.
Кездесу 1:0 есебімен "Зениттің" пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 29-минутта Максим Глушенков соқты.
"Зенит" Ресей премьер-лигасындағы маусымды 27 ақпанда қайта бастайды. Сергей Семак жаттықтыратын команда өз алаңында калининградтық "Балтика" клубын қабылдайды.
18 турдан кейін "Зенит" турнир кестесінде екінші орында тұр және көш бастап тұрған "Краснодардан" бір ұпайға қалып келеді.
Жарнама