Қазақстан құрамасының капитаны карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан журналист Алуа Хасеноваға берген сұхбатында ары қарайғы жоспары туралы айтып берді. 

- Арабиялық клубпен келісімшартыңыз аяқталды. Ары қарайғы жоспар қандай әлде белгісіз бе?
- "Аль-Айн" үшін он матчте ойнадым, содан кейін карантин басталды. Одан кейін елге келдім, тағы бір жарым ай карантинде болдым. Қазір келісімшарт аяқталды. Қандай мүмкіндіктер барын қарастырып жатырмыз. Алда жаңалықтар болады, мен ауысамын. 

- Қазақстанға оралуды қарастырып отырған жоқсыз ба?
- Жоқ. Шетелге шыққанмы енді ғана ғой.





1 шілдеде "Аль-Айнмен" келісімшарт аяқталып, Исламхан еркін агент болып отыр. БАӘ чемпионатында қазақстандық футболшы он ойынға қатысып, бір гол салды және үш нәтижелі пас берді. 

Мамыр айында Исламханның ісін жүргізетін Марат Арчегов футболшыға Ресей мен Италиядан қызығушылық барын айтқан. Қазақстанда хавбек "Қайрат" сапында ойнаған (2014-2019), оған дейін "Астана" (2013), "Кубань" (2013-2014) және "Таразда" өнер көрсеткен (2011-2012). Ұлттық құрамада 2012 жылдан ойнап келеді.