Қазақстан құрамасының капитаны Абу-Дабидегі турнирде екінші ойынын өткізді

Сурет: "Аль-Айн" ФК
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан арабиялық "Аль-Айн" командасы үшін Абу-Дабидегі турнирде екінші матч өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның командасы "Бани Ясу" клубына 0:1 есебімен есе жіберді, гол 32-ші минутта салынды. Бұл кездесуді Исламхан қосалқы ойыншылар қатарында бастап, екінші таймда алаңға шықты.



Абу-Дабиде өткен бірінші ойында Исламхан алаңға негізгі құрамда шыққан еді. "Аль-Айн" ол кезде "Аль-Дафра" командасын ұтқан - 1:0. 28 тамызда өтетін қорытынды ойында Бауыржан өнер көрсетіп жүрген клуб "Аль-Вахдамен" кездесу өткізеді. 

"Аль-Айн" сапына Исламхан 31 қаңтарда өткен. Маусым тоқтатылғанға дейін қазақстандық футболшы арабиялық клуб үшін он матч өткізіп, бір гол салды және үш ассист жасады.

31 шілдеде Исламхан "Аль-Айнмен" келісімшартты үш жылға созды. БАӘ-де футболдың жаңа маусымы 3 қыркүйекте басталады.