Футбол
16 қаңтар 2022 15:21

Қазақстан құрамасының қақпашысының келесі маусымда қайда ойнайтыны анықталды

©"Тараз" ФК

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен "Таразбен" келісім-шартын ұзартты, деп хабалайды жамбылдық клубтың ресми сайты.

22 жастағы қақпашы өткен маусымда "Тараз" үшін Премьер-лигада 26 матч өткізді. Чемпионат аяқталғаннан кейін оған ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, "Ақтөбе" мен "Тобыл" қақпашымен келіссөздер жүргізді.

Сейсен өткен жылы Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді және Солтүстік Македониямен болған жолдастық кездесуде қосалқы құрамнан алаңға шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport