Қазақстан құрамасының қақпашысына ресейлік команда қызығушылық білдіруде

©ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен қарағандылық "Шахтердің" қақпашысы Игорь Шацкийге ресейлік "Рубин" командасы қызығушылық білдіруде, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Биыл қазандық команда қақпа шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Бірақ ресейлік команда Шацкийге назарын аударған кезде, қақпашы жарақат алып қалды. Оған дейін екі тарап келіссөз жүргізген. Енді Игорь қатарға қашан оралатыны белгісіз. Ресейлік команда болса келіссөзді қақпашы қатарға қайта оралған соң жалғастырады. 

Оған дейін "Рубин" екінші қақпашы ретінде 35 жастағы "Уфа" қақпашысы Александр Беленовті уақытша қатарына қосты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: