Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Тараз" қақпашысы команда ауыстыруы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Мұхаммеджан Сейсенге "Тобыл" командасы қызығушылық білдіріп отыр. Қостанайлық команда тәжірибелі Александр Мокиннің орнын басатын қақпашы іздеп жатыр. Басты кандидат - Сейсен.
Айта кетейік, Сейсен Жамбыл футболының тәлімгері. Ол өткен маусымда 25 кездесуде өткізді. Сонымен қатар, тұрақты түрде Қазақстан құрамасына шақырту алып тұрды.