Қазақстан футбол құрамасының қақпашысы Мхұаммеджан Сейсен қақпашыларға көлік сыйлау сәніне қатысты әзіл айтты, деп жазады Vesti.kz.
Бұған дейін "Қайрат" клубының қақпашылары еурокубоктағы табысты матчтардан кейін көлікке ие болған еді: 18 жастағы Шерхан Қалмырза кәсіпкерден көлік алса, 22 жастағы Темірлан Анарбековке бір компания автокөлік тарту етті.
Сейсен бұл туралы былай деді:
"Қақпашылардың бәріне көлік беріп жатыр ғой. Маған бір ат берсе енді..." – деп күлді ол.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Сейсеннің Солтүстік Македониямен сырт алаңдағы матчтың бірінші таймындағы ойынына жоғары баға беріп:
"Сол ойынының өзінде-ақ көлікке лайық болды", – дейді Бекбаев әріптесі туралы.
ЧМ-2026 іріктеу кезеңіндегі J тобы
Бельгия – 14 ұпай (6 матч)
Солтүстік Македония – 13 ұпай (7 матч)
Уэльс – 10 ұпай (6 матч)
Қазақстан – 7 ұпай (7 матч)
Лихтенштейн – 0 ұпай (6 матч)
Келесі ойындар – 15 қараша:
Қазақстан – Бельгия (Астана)
Лихтенштейн – Уэльс.
Жарнама