Қазақстан құрамасының қақпашысы клубсыз қалды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодов "Тобыл" сапынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Келісімшартты тараптар екі жақты келісіммен бұзған.

34 жастағы голкипер Қазақстандағы карьерасын осы қостанайлық клубта бастаған еді. 2017 жылдан бері Непогодов "Тобыл" сапында 68 матчке қатысыпты.

Сонымен қатар, ҚПЛ-де ол "Ордабасы" мен "Астана" сапында өнер көрсеткен. 2018-2020 жылдар аралығы Қазақстан құрамасы үшін 13 ойынға қатысқан.

Еске салайық, мұның алдында "Тобыл" қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченконың да сапынан кеткенін хабарлаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport