Қазақстан құрамасының қақпашысы "Қайраттан" кетті - дереккөз

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов "Қайраттан" кетті. Бұл туралы "СпортРадар.kz" телеграм-каналы хабарлады. 

"Сенімді дереккөздің ақпараты бойынша Стас Покатилов "Қайратпен" 2022 жылдың соңына дейін келісімшарты болғанына қарамастан командадан кетті. Қазақстан құрамасының қақпашысы алматылық командадан еш ренішсіз кетті. Дегенмен ол команданың жалақыны азайту ұсынысын қабыл алмады. 

Дәл осы себепке байланысты бұған дейін командадан Миканович, Дугалич және Поляков кеткен еді. Алдағы уақытта басқа ойыншылар кетуі мүмкін", - деп жазды дереккөз. 

Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Зенитте" медициналық тексерістен өтті

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" сапынан бірнеше футболшы кетті. Ал осы аптада команданың қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" командасымен бірге оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге барған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар