Қазақстан құрамасының қақпашысы "Қайратпен" қоштасты

©"Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов "Қайратпен" ресми түрде қоштасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайратқа" рахмет айтамын, Қайрат Боранбаевқа жеке алғыс, мен үшін көп жасадыңыз, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін", - деп жазыпты ол Instagram желісінде. 

 

Еске салайық, Покатилов "Қайрат" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетті. "Ақжайық", "Шахтер", "Ақтөбе" мен ресейлік "Ростовта" ойнаған футболшы алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионы болды, сонымен қоса, елдің Кубогы мен Суперкубогын иеленген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport