Қазақстан құрамасының қақпашысы "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

© footboom.com
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов алматылық "Қайратпен" келісімшартты ұзартты, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Келісім үш маусымға есептелген.

27 жастағы Покатилов "Қайрат" сапында жалға алу құқымен 2016 жылдан бері ойнап келеді. 2017 жылы голкипер клубпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Жалпы ол алматылықтар құрамында 98 матч өткізді. 

Өткен маусымда қақпашы ҚПЛ-де 31 матчте ойнады. 13 ойында Покатилов қақпасына бірде-бір гол кіргізбеді.