"Астана" командасы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодовпен келісімшартты ұзартпайтын болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
33 жастағы бұрынғы украиналық қақпашының желтоқсан айында "Астана" командасымен келісімшарты аяқталады. Ал елордалық команда бағана күзетшімен келісімшартты ұзартпайтын болды.
Тамыз айында Непогодов Конференция лигасынан кейін бірінші нөмірлі қақпашы атағынан айырылды. Қазір ұжымның бірінші нөмірлі қақпашысы Александр Заруцкий. Соңғы уақытта Непогодов Қазақстан құрамасына да шақыртылмай келеді.
Қазіргі уақытта агенттер қақпашыға жаңа команда іздестіруде. Олар Непогодовты "Ақтөбе" мен "Тобыл" командаларына ұсынған.