Қазақстан құрамасының жас футболшысы мәскеулік "Спартактың" назарына түсті
"Ақтөбе" мен Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Максим Самородов мәскеулік "Спартактың" трансферлік тізіміне енді, деп жазады Meta-ratings.k порталы.
"Ақтөбе" мен Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Максим Самородов мәскеулік "Спартактың" трансферлік тізіміне енді, деп жазады Meta-ratings.k порталы.
Мәскеулік клубтың скауттары соңғы кездері "Ақтөбенің" жас тәрбиеленушісінің ойынын бақылаған. Бейресми ақпарат бойынша, бұған дейін "Спартак" өкілдері ақтөбелік клубпен байланысып үлгерген екен. Тараптардың нақты нені талқылағаны белгісіз, бірақ ресейлік клуб футболшыны көзден таса қылмауда.
Өткен маусымда Самородов Қазақстан чемпионатында "Ақтөбе" үшін 21 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Жартылай қорғаушы Қазақстан жастар құрамасына үнемі шақыртылады. Өткен жылдың наурыз айында Максим Францияға қарсы матчта Қазақстан құрамасындағы дебюттік кездесуін өткізген еді.
Желтоқсан айында Самородовтың "Ақтөбемен" келісім-шарты аяқталады. Оның "Ақтөбе" сапында қалу-қалмауы жаңа жылға дейін белгілі болады.
Жарнама