Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ресейлік командаға ауысуы мүмкін

21 қыркүйек 2021 18:22
©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев қысқы трансфер кезінде ресейлік "Оренбург" командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz. 

Футболшы негізі беларуссиялық "Энергетик-БГУ" командасының ойыншысы. Бірақ қазіргі уақытта ол өзбекстандық "Андижан" командасында ойнап жүр. Өзбекстан чемпионаты аяқталған соң Васильев "Оренбург" сапына ауысуы мүмкін. 

Ресейдің Екінші біріншілігінде өнер көрсететін команда Васильевке былтыр қызығушылық білдірген болатын. Бірақ ол кезде футболшы "Андижан" сапына ауысып кетті. 

Биыл ол Өзбекстан чемпионатында бес кездесу өткізіп, бір гол соққан. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар