Футбол
5 маусым 2020 12:18

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы голландиялық клубпен қоштасты

Сурет: "Хераклес" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель екі маусым ойнаған Нидерландтық "Хераклес" клубынан кетті. 

FOX Sports сюжетінде қазақстандық футболшы, Мохаммед Осман, Дарио ван ден Бюйс пен Марио Жуниор клубпен қоштасқаны көрсетілген. Ал Меркель "Хераклес" командасы карьерасындағы жақсы кезең болғанын атап өтті:

"Бұл үлкен емес, дегенмен, отбасылық жылуы бар клуб. Мұнда өзіңді жақсы дамытуға болады. Ал даму ойыншы үшін маңызды дүние".

Еске салайық, Голлландияның биылғы чемпионаты уақытынан бұрын аяқталды, турнир кестесінде "Хераклес" 36 ұпаймен сегізінші тұр. Өткен маусымда Меркель 25 матчте екі гол салып, төрт нәтижелі пас берді. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Александрға РПЛ клубтары көз тігіп отырған көрінеді, соның ішінде "Локомотивті" атап өтуге болады.