Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы "Қайратқа" ауыспайды

©"Тараз" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана карьерасын "Тараз" сапында жалғастырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірақ жаңа келісімшарт мерзімі қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. 

Бауыржан Байтананы "Қайрат" өз қатарына қосқысы келген болатын. Алматылық команданың намысын ол 2014-2015 жылғы маусымда қорғаған еді. 

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Тараз" Қазақстан чемпионатында оныншы орынға жайғасты. 29 жастағы жартылай қорғаушы 25 кездесуге қатысып, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, ол Қазақстан кубогінде алты ойында екі мәрте көзге түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін "Тараз" командасының бас бапкері кім екені белгілі болған

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар