Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері кім болатыны айтылды
42 жастағы маман Григорий Бабаян футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
42 жастағы маман Григорий Бабаян футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
KazFootball.kz порталының ақпараты бойынша, бапкер қазіргі уақытта Қазақстан федерациясы жасаған ұсынысқа ұсынысқа ойланып жатыр. 2008 және 2014 жылдар аралығында Бабаян ұлттық құраманың бапкерлері қатарында болған еді. Кейін ол "Астана" және "Тобыл" командаларында жұмыс істеген.
Бұрнағы күні қазақстандық маман мәскеулік ЦСКА командасы сапында Алексей Березуцскийдің көмекшісі қызметін атқарады. Мәскеулік командамен оның келісімшарты биыл мамырдың соңында аяқталады.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан футбол федерациясы Андрей Карповичпен келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Бұл маман Ұлттар лигасында Молдоваға қарсы екі ойында құраманың бас бапкері болды.
Жарнама