Ресейлік маман Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Еске салайық, осыған дейін Адиевтің Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 29 сәуір кірісетіні белгілі болды. Сол кезде ол "Шахтер" командасының бас бапкері қызметінен де кетеді екен.
"Иә, мен Қазақстан құрамасының бас бапкері боламын. Келісімшартқа қол қойдық па? Әзірше жоқ. Бірақ келісіп қойдық. Арғы күні федерация өкілдерімен кездесу барысында жазамын. Қарағандылық "Шахтерде" қаламын ба? Оны келісімшарт жазып болған соң ақылдасамыз. "Шахтер" басшыларымен де, Қазақстан футбол федерациясының басшыларымен де", - деді Адиев.
Айта кетейік, 44 жастағы маман "кеншілерді" 2021 жылдан бері жаттықтырады. Ал өткен турда "Шахтер" ел біріншілігінде жеңілгеннен кейін, ол команда басшыларымен кездесуді талап еткен еді.
Осыған дейін Адиев Ресейде жұмыс істеген. Ол "Чайка", "Ахмат", "Анжи" және "Нижний Новогород" командаларын жаттықтырған.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін Андрей Карпович атқарған болатын. Ол Талғат Байсуфиновтің орнына келген.