Қазақстан құрамасының жаңа бапкері кім болатыны айтылды

©ҚФФ

Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыратын болады. Бұл туралы "СпортРадар.kz" телеграм-арнасы хабарлады. 

44 жастағы маман "кеншілерді" 2021 жылдан бері жаттықтырады. Ал өткен турда "Шахтер" ел біріншілігінде жеңілгеннен кейін, ол команда басшыларымен кездесуді талап еткен еді. 

Осыған дейін Адиев Ресейде жұмыс істеген. Ол "Чайка", "Ахмат", "Анжи" және "Нижний Новогород" командаларын жаттықтырған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін Андрей Карпович атқарған болатын. Ол Талғат Байсуфиновтің орнына келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport