Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы ширек финалдық матчіне тікелей трансляция

27 қыркүйек 2021 10:21
©ҚФФ

Бүгін, 27 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран командасымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/4 финал матчі Каунас қаласында өтеді, басталуы 23:00. Бұл ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Осы кездесуде жеңіп шыққан команда 1/2 финалда Испания - Португалия жұбының жеңімпазымен финалға жолдаманы сарапқа салады.

Еске салайық, турнирде бірінші жартылай финалдық жұп команда белгілі, ол Бразилия - Аргентина. 

 Аргентина құрамасы - қазіргі әлем чемпионы екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар