Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды

Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші матчті Коста-Рикаға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Ойын 12-қыркүйек Каунас қаласына белгіленді, үш күннен кейін осы қалада Рикардо Кака жаттықтыратын команда Литвамен кездесу өткізеді. 

А тобындағы соңғы мачте Қазақстан 18-қыркүйек Вильнюсте Венесуэламен ойнайды.

Турнир 12-қыркүйек пен 3-қазан аралығы өтеді. Қазіргі чемпион Аргентина құрамасы екенін айта кетейік. 

Қазақстан үшін бұл өз тарихындағы үшінші мундиаль болады, бұрын команда 2000 және 2016 жылдары финалда ойнаған. 

Метки: