Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші матчті Коста-Рикаға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Ойын 12-қыркүйек Каунас қаласына белгіленді, үш күннен кейін осы қалада Рикардо Кака жаттықтыратын команда Литвамен кездесу өткізеді.
А тобындағы соңғы мачте Қазақстан 18-қыркүйек Вильнюсте Венесуэламен ойнайды.
Турнир 12-қыркүйек пен 3-қазан аралығы өтеді. Қазіргі чемпион Аргентина құрамасы екенін айта кетейік.
Қазақстан үшін бұл өз тарихындағы үшінші мундиаль болады, бұрын команда 2000 және 2016 жылдары финалда ойнаған.