"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенитпен" келісімшартқа отыруы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Ресейлік клуб Әліпті 13-25 қаңтар аралығында Дубайда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырған. Футболшы 11 қаңтарға дейін Санкт-Петербургте болуы тиіс.
Нұралы өткен маусымда "Қайрат" жейдесінде бас-аяғы 45 матч өткізіп, 1 гол соқты және 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Әліп алматылық клуб сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Қайратпен" бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.