Футбол
6 шілде 2022 13:57

Қазақстан құрамасының футболшысы түркиялық клубпен жаңа маусымды бастады

©"Газиантеп" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель түркиялық "Газиантеп" сапында "Габалаға" қарсы өткен кездесуге қатысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Меркель негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймда ойнады. Бұл ойында "Газиантеп" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық футболшының командасы келесі маусымға дайындығын жалғастыруда. 

Айта кетейік, осыған дейін Меркельдің "Газиантеп" сапынан кетуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ ол 2023 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартының соңына дейін ойнауға бел буды. 

Өткен маусымда "Газиантеп" командасы Түркия чемпионатын 15 орынмен аяқтады. Қазақстандық футболшы 24 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport