Қазақстандық футболшы Юлия Мясникова өнер көрсеткетін мәскеулік ЦСКА командасы әйелдер арасында Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ресей біріншілігінің 27-турына дейін ЦСКА командасы 57 ұпай жинады. Ал біріншіліктің чемпионы 70 ұпай жинаған "Локомотив" атанды.
ЦСКА футболшыларын мараппатау рәсімі "Локомотив" командасы 2:0 есебімен ұтқаннан кейін болды. Бұл ойынға Мясникова қатысқан жоқ.