Қазақстан құрамасының футболшысы "Қызыл-Жарға" ауысуы мүмкін

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов жазғы трансферлік кезеңде "Қызыл-Жар" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тапалов кеше түркістандық "Тұран" командасынан кеткен еді. Енді жартылай қорғаушыға "Қызыл-Жар" командасы көз тігуде. Али Алиевтің команда еурокубок ойындары алдында құрамын күшейтпекші. 

Биыл жартылай қорғаушы "Тұран" сапында ҚПЛ-да тоғыз кездесу өткізді. Негізі Тапалов әмбебап футболшы. Ол жартылай қорғаушы, оң қапталдағы қорғаушы қызметін атқара алады. 

Қазіргі уақытта "Қызыл-Жар" командасы турнир кестесінде тоғызыншы орында келді. Шілдеде бұл ұжым Конференция лигасында ойнайды. Қарсыласы - хорватиялық "Осиек" командасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport