Қазақстан құрамасының футболшысы қытайлық клубқа ауысатын болды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков "Ухань" командасымен келісімшарт жасау үшін Қытайға келді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, футболшы келісімшарт жасау үшін он шақты күн күту керек. Өйткені Қытай жерінде коронавриуске қарсы он күнге арналған оқшаулану мерзімі бар. Оның үстіне Жуков осы коронавирус ең бірінші шыққан қалаға келді. 

Қазіргі уақытта "Ухань" командасы Қытай чемпионатында 13-орында келеді. Команданың құрамында екі легионер бар. Жуков үшіншісі болады. Осыған дейін отандасымыз краковтік "Висла" командасының намысын қорғады. Бірақ польшалық команда онымен келісімшартты ұзартпады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар